Malim.kz
Қоғам

10 мамырда ауа райы қандай болады?

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay.com

10 мамырда Қазақстанның барлық өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің болжауынша, елдің оңтүстік-батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығыс аймақтарында нөсер жаңбыр күтіледі. Кей өңірлерде бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болжанып отыр.

Сонымен қатар мамандар жауын-шашынға қарамастан, елдің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары