Malim.kz
Экология

10 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Арман Қайыпхан
Фото: istockphoto.com

Қазгидромет 10 шілдеде бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл және екпінді жел болады.

Астанада күндіз ауа температурасы +35…+36 градусқа дейін көтеріледі.

Алматыда күндіз +35 градус ыстық.

Шымкентте күндіз +40 градусқа дейін аптап ыстық болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында күндіз ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың шығысы мен солтүстігінде солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде +36 градусқа дейін ыстық. Оңтүстігінде солтүстік-шығыс желінің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз +35…+38 градусқа дейін ыстық болады.

Жезқазғанда ауа температурасы +36…+38 градусқа дейін көтеріледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік және солтүстік-батыс желінің екпіні 15–20 м/с болады.

Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады, түнде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін жетеді. Облыста жоғары, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде жауын-шашын, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +35…+38 градус болады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында күндіз +35…+36 градусқа дейін ыстық болады. Облыстың батысында жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында түнде және күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +35…+36 градус ыстық күтіледі.

Алматы облысында күндіз +35…+38 градусқа дейін ыстық болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +35…+36 градусқа дейін көтеріледі.

Абай облысында солтүстік және солтүстік-шығыс желінің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде +35 градус ыстық болады. Оңтүстік-батысында жоғары, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары, солтүстік-батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығы мен шығысында күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін көтеріледі. Облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +38…+40 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың шығысында жоғары, батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары