Malim.kz
Қоғам

11 мамырда елдің бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай және үсік күтіледі

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел және үсік күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласында түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы мен Алматы облысында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанып отыр. Іле Алатауының таулы аймақтарында жел екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Шымкент, Түркістан және Жамбыл облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен қатты жел күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында түнгі уақытта үсік болуы мүмкін. Кей өңірлерде желдің жылдамдығы 23-28 м/с дейін жетеді.

Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда, Ұлытау және басқа да облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары