Malim.kz
Экология

11 қараша ауа райы қандай болатыны жарияланды

Арман Қайыпхан
Фото: freepick

Қолайсыз ауа райының тағы бір жаңа толқыны жақындап келеді. Атап айтқанда, Қазақстанның кей өңірлерінде жауын-шашын көптеп түсіп, көктайғақ болатыны, боран соғатыны болжанады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі ұсынған, 2025 жылғы 11 қарашаға, алдағы сейсенбіге арналған болжамда айтылады:

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болатыны болжанады, батыста нөсер жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді".

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары