Malim.kz
Экология

12 қараша бірқатар өңірде ауа райы бұзылады

Арман Қайыпхан
Фото: freepick

Астана мен Қазақстанның 17 облысында 12 қарашада ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 12 қарашада түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 12 қарашада кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 12 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 12 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысында оңтүстік-батыстан жел күтіледі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ: 12 қарашада оңтүстік-батыстан жел күтіледі, кей уақыттарда екпіні 18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 12 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстын, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 12 қарашада күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстын, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары