Malim.kz
Қоғам

129 мың теңге айыппұл: референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Қазақстандықтарға Конституция бойынша өтетін референдум алдындағы тыныштық күнінде жауапкершілік бар екені ескертілді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сенбі, 14 наурыз күні, Қазақстанда референдум қарсаңындағы заңмен белгіленген тыныштық күні басталады.

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, бұл күні кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады.

«Үгіт жүргізуге болмайды. Тыныштық күні – бұл шын мәнінде тыныштық күні. Ешқандай үгіт-насихатқа жол берілмейді. Егер бұрыннан ілінген үгіт материалдары болса, оларды алып тастамайды. Бірақ оларды таратуға болмайды», – деді Әбдіров.

Ол бұл шектеу әлеуметтік желілерге де қатысты екенін атап өтті.

«Үгіт материалдарын репост жасауға болмайды, ешқандай белсенді үгіт жұмыстары жүргізілмеуі тиіс», – деді ОРК басшысы.

Сондай-ақ референдум күні сауалнама нәтижелерін жариялауға да тыйым салынады.

Қандай жаза қарастырылған

Ережені бұзғандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша жауапқа тартылады — «Тыйым салынған кезеңде сайлауалды үгіт жүргізу».

Айыппұл мөлшері:

Еске салайық, 11 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция бойынша республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Референдумдағы дауыс беру 15 наурыз күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Азаматтардың ыңғайы үшін кейбір аумақтық комиссиялар уақытты өзгертуі мүмкін.

Бюллетеньде бір ғана сұрақ болады:

«Сіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?».

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары