Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған 13-14 мамыр күндері Астанаға келеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Түркия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен мемлекеттік сапармен келеді.
Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайын талқылап, Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.
15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер көшбасшыларының бейресми саммиті өтеді.
Саммиттің тақырыбы – «Жасанды интеллект және цифрлық даму».