"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 13 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығыснда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше және жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 13 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда оңтүстік батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.