Қазақстанның 15 облысында 13 қарашада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Күндіз Жетісу облысының орталығында, шығысында нөсер жаңбыр, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Облыстың шығысында, таулы аудандарда батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда 13 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Астанада 13 қарашада тұман, көктайғақ болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман және орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Ұлытау облысының шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.
Қызылорда облысының орталығында тұман болады деп күтіледі.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қонаевта 13 қарашада батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Абай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде 13 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде 13 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түседі деп күтіледі.
13-15 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман болады деп болжанады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Қарағандыда 13 қарашада түнде көктайғақ болады деп болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 13 қарашада солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады деп күтіледі.
Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі. Көкшетауда 13 қарашада тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.