Тасқын сумен арпалысып жатқан Құлсарының әкелі-балалы тұрғындары жоғалып кеткен. Куәгерлердің айтуларынша, үш күн бұрын олар су басқан үйін көруге кеткеннен оралмаған, деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгінде оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеуге ТЖМ тиесілі 5 темір, 2 резеңке қайық жұмылдырылған. Әр қайықта 2-3 адамнан бар.
Жас жігіт осы айдың 13-і күні үйленетін болып жоспарлаған. Мектеп пен оқу орнын үздікке бітірген екен.
Фото: Өркен ЖОЯМЕРГЕН