Malim.kz
Әлем

13 жасқа дейінгі балалардың WhatsApp аккаунттары ата-анабақылауында болады

Айбын Атабай
aikyn.kz

WhatsApp 13 жасқа дейінгі балалар үшін шектеулі функционалды арнайы аккаунттарды іске қосады, деп хабарлайды DW.

WhatsApp енді 13 жасқа дейінгі балаларға арналған арнайы шектеулі аккаунттарды ұсынады. Осы аккаунттар арқылы балалар тек хабарлама жіберіп, қоңырау шала алады. Профильді баптағаннан кейін оны ата-ана немесе қамқоршы бақылайды: кім хабарласа алады, бала қандай топтарға кіре алады — бұны сол кісі шешеді. Сонымен қатар ата-аналар белгісіз контактілерден келген хабарлама сұраныстарын көре алады және конфиденциалдық баптауларды басқара алады.

Естеріңізге сала кетсек, Аустралия алғашқылардың бірі болып балалар мен жасөспірімдер үшін әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салды. Бұл олардың психикалық денсаулығына алаңдаушылық туғызған еді. Кейбір елдерде ұқсас шараларды енгізу туралы талқылаулар жүріп жатыр.

Қауіптің тағы бір себебі — мессенджерлерде хакерлердің шабуылдары, онда пайдаланушылардан қауіпсіздік кодтары мен PIN-кодтарды ашу сұралған. Бұл алаяқтарға жеке аккаунттар мен топтық чаттарға кіруге мүмкіндік берген.

Осы жаңа жүйе арқылы WhatsApp балалардың қауіпсіздігін арттырып, олардың онлайн әрекеттерін ата-ана немесе қамқоршы бақылауына береді.

Бұған дейін әлемдегі ең танымал хабар алмасу қосымшаларының бірі WhatsApp қолданбасы пайдаланушыларға «Топтық хабарламалар тарихы» деп аталатын жаңа мүмкіндікті ұсынды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары