Malim.kz
Әлем

14 шақырым жерге дейін ұшып, хабарсыз кеткен: Тікұшақ жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Мадияр Қапанбек
pxhere.com. Суретте: белгісіз тікұшақ

Амур облысының Ромнен ауданында жоғалып кеткен Robinson маркалы жеке тікұшақты іздеу операциясы жалғасуда. Әуе кемесі 19 ақпан кешінде байланысқа шықпай қалған. Бортта құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Шығыс-Сібір көлік прокуратурасының дерегінше, тікұшақ Амаранка ауылынан шамамен 130 шақырым қашықтықтағы орман алқабынан ұшып шығып, Ромны ауылына бағыт алған. Алайда жол үстінде экипажбен байланыс үзіліп кеткен. Қадағалау органы ұшу қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеруді бастады. Ал Тергеу комитеті "Әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғуы мүмкін" бабы бойынша іс қозғады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, тікұшақта үш адам – бір ұшқыш және екі құқық қорғау қызметкері болған. Олар тайгада өткізілген жедел-іздестіру шараларынан кейін кері қайтып келе жатқан.

Амур облыстық Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Благовещенск қаласынан Ромнен ауданына жедел топ, іздестіру-құтқару жасағы және аэромобильді бөлімше жіберілді.

Құтқарушылар төрт бағытқа бөлініп, қарда жүретін техникалармен іздеу жұмыстарын жүргізуде. Аумақты әуеден Ми-8 тікұшағы шолып жатыр. Аймақта көріну деңгейі жақсы болғанымен, жолдардың болмауы, қалың қар және күрделі жер бедері операцияны қиындатып отыр. Сонымен қатар аудан аумағы арқылы Становой жотасы өтеді, бұл да іздеу жұмыстарына қосымша кедергі келтіруде.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары