Malim.kz
Құқық

15 млн теңге: Қостанайда бопсалаумен айналысқан блогерге үкім шықты

Айбын Атабай
сот залынан/Tengrinews.kz

Қостанайдың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында Қарабалықтағы блогерге аса ірі мөлшерде бопсалау ісі бойынша үкім шықты, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп. 

Қарабалық құс фабрикасы туралы жарияланымдар легі үшін блогер М. С. сот алдында жауап берді. Іс материалдарына сәйкес, ол кәсіпорындағы санитарлық нормалардың бұзылуы туралы (бұл үшін фабрикаға бұған дейін бірнеше рет айыппұл салынған) бейнематериалдарды жариялауды тоқтату үшін ЖШС-нен 20 миллион теңге бопсалаған.

Тергеу нұсқасы бойынша, блогер құс фабрикасының заңгерімен келісіп, содан кейін түнде үйінің қоршауы арқылы оған 15 миллион теңге берілген.

Прокурор блогерді 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Ол өзінің кінәсін мойындаған жоқ.

Бүгін Қостанайдың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында блогерге аса ірі мөлшерде бопсалау ісі бойынша үкім оқылды.

"Сот Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігігің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп тануға және жаза ретінде 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді тағайындауға үкім етті", - деп судья Әделия Хасенова үкімді оқыды. 

Сотта блогердің мүддесін құқық қорғаушылар қорғады. Олар М. С.-ның кінәсі дәлелденбегенін айтып, істі қолдан жасалған деп атады. Олардың сөзінше, сотта қоршаудан лақтырылған ақша сол күйі көрсетілмеген, ал тінту санкциясыз жүргізілген. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары