Malim.kz
Экология

16 қараша күнгі ауа райына болжам жарияланды

Арман Қайыпхан
Фото: pexels

"Қазгидромет" 2025 жылғы 16 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Болжам бойынша, республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болады, соның салдарынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

Республика бойынша тұман, ал солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел күшейеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары