Malim.kz
Экология

16 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Арман Қайыпхан

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып қала береді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 16 шілдеге арналған болжамда мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте дауыл соғады.

"Елдің қалған аумағында антициклон жотасының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - делінген "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр.

Фото: pixabay

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары