«Қазгидромет» 16 тамызға Қазақстанның барлық өңіріне дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Елдің бірқатар облысында найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ, шквал және 15–20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Астанада жаңбыр, найзағай, бұршақ пен шквал болжанып, жел 15–20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстанда түнде қатты жаңбыр, бұршақ, шквал және 23–28 м/с дейінгі жел күтіледі. Петропавлда да жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болжанған.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Сонымен қатар оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады. Жамбыл облысында ауа температурасы +38…+40°C, Түркістан облысында +40°C, Алматыда +35…+37°C, Жетісуда +35…+39°C-қа дейін көтеріледі.
Бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкентте төтенше өрт қаупі жарияланған.