Malim.kz
Қоғам

17-21 тамызда Алматының бірқатар ауданында жарық өшіріледі

Айбын Атабай
фото: depositphotos

"Алатау Жарық" компаниясы Алматыда 17-21 тамыз аралығында бірқатар ауданда электр жарығы уақытша өшірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жарықтың басым бөлігі 09:00-ден 17:00-ге дейін сөндіріледі. Компания жөндеу жұмыстарының уақыты жоспардан тыс жұмыстарға байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

17 тамызда жарық РЭС-1 бойынша Түркістан, Айгерім-1, Шаңырақ-2 шағынаудандарында және Сығанақ, Жанкожа батыр көшелерінде өшеді. РЭС-2-де Сәтбаев, Мынбаев, Жароков, Райымбек, Розыбакиев, Қарасай батыр, Абылай хан және басқа көшелер қамтылады. РЭС-3-те Қарағайлы, Тастыбұлақ, Ақжар, Қалқаман-2 аумақтары, РЭС-4-те Баймағамбетов, Черниговская, Айтықов және басқа көшелер, РЭС-5-те Рахат пен Бостандық ауданындағы бірқатар аумақ, РЭС-6-да Достық, Луганский, Құрманғазы, Шевченко, Төлеубаев көшелері мен Самал-1, Самал-2, Көк-Төбе, ал РЭС-7-де Ақбұлақ пен Таугүл шағынаудандары ажыратылады.

18 тамызда Айгерім-1, Тастыбұлақ, Ақжар, Самал-2, Каменское плато және қала орталығындағы Абай, Құрманғазы, Розыбакиев, Айманов, Шевченко, Гагарин көшелерінің бір бөлігі қамтылады.

19 тамызда Айгерім-1, Түркістан, Шаңырақ-1, Қарағайлы, Ақжар, Тастыбұлақ, Таусамалы, Рахат және Ожет шағынаудандарында, сондай-ақ қаланың орталық бөлігіндегі бірқатар көшеде электр болмайды.

20 тамызда Айгерім-2, Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2, Қарағайлы, Тастыбұлақ, Қалқаман-2, Ожет, Архат, Арасан, Хан Тәңірі, Самал-1, Самал-2 және Көк-Төбе аудандары қамтылады.

21 тамызда Айгерім, Байбесік, Алғабас, Тастыбұлақ, Ақжар, Қалқаман-2, Ожет, Самал-1, Самал-2 және Каменское платода, сондай-ақ Достық, Навои, Зенков, Қалдаяқов және басқа көшелерде жарық өшіріледі.

Толық мекенжайлар тізімі компанияның жоспарлы жөндеу кестесінде жарияланған. Жөндеу жұмыстарының мерзімі өзгеруі мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жарық өшіп, су беру тоқтағанын жазған болатынбыз.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары