«Қазгидромет» 17 мамырға арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі күні Қазақстанның 16 облысында ауа райы күрт бұзылады.
Елдің бірқатар өңірінде қатты жел соғып, оның екпіні секундына 15-28 метрге дейін жетеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстарында шаңды дауыл болжанып отыр.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында түнде үсік жүруі мүмкін. Сонымен қатар бірнеше өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Синоптиктер тұрғындарды сақ болуға шақырды.