Malim.kz
Қоғам

17 облыста қолайсыз ауа райы күтіледі

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

Алдағы 21 желтоқсанға байланысты Алматы қаласы мен Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы қаласында және бірқатар өңірлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Кей аймақтарда қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман мен көктайғақ болжанады.

Алматы облысының таулы аудандарында күндіз қалың қар жауып, түнде және таңертең көктайғақ болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында қар, бұрқасын және тұман күтіледі.

Қызылорда облысында қар, төменгі бұрқасын, көктайғақ және қатты жел болуы ықтимал.

Мамандар тұрғындарды жолға шыққанда абай болуға, ауа райының қолайсыздығын ескеруге шақырады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары