Malim.kz
Экология

17 қыркүйек Қазақстанның кей аймағында үсік жүреді

• Арман Қайыпхан

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі алдағы сәрсенбі, 2025 жылғы 17 қыркүйекте республика аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Болжам бойынша, түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында -1°C-қа дейін үсік күтіледі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, соның салдарынан найзағайлы жауын-шашын өтеді. Тек батыс пен оңтүстік-батысқа солтүстік-батыс антициклонының сілемі әсер етеді, ол жақта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте – дауылды жел, солтүстік-батыс пен орталықта түнгі және таңғы сағаттарда – тұман түседі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Фото: unsplash

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары