Еліміздің ірі мегаполистерінде сенбі күні күндіз ауа температурасы көтеріледі. Алайда синоптиктер жауын-шашын мен бұлтты ауа райын болжайды, , деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгін Алматыда орташа жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін көтеріліп, түнде 3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,5 м/с.
Астана тұрғындарын ашық, бұлтсыз ауа райы күтіп тұр. Күндіз ауа 12 градусқа дейін жылынса, түнде 2 градусқа дейін салқындайды. Желдің жылдамдығы – 8,3 м/с.
Шымкентте бүгін бұлтты ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы 17 градусқа дейін көтеріліп, түнде 6 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с деңгейінде сақталмақ.