Malim.kz
Экология

19 ақпанда ауа райы күрт бұзылады

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Қазақстанның бірқатар өңірінде бүгін, 19 ақпанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жетісу облысы: түнде және таңертең тұман, жел оңтүстік-шығыс бағытта, күндіз солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы: түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік пен шығыста төмен қарлы боран, тұман, көктайғақ. Жезқазғанда түнде және таңертең жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл облысы: температура түнде және күндіз +3…+8°С дейін, солтүстікте және таулы аудандарда -2°С, Таразда +6…+8°С.

Қарағанды облысы: солтүстік жартысында түнде жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр), төменгі боран, тұман, көктайғақ; күндіз қар, боран. Жел солтүстік-шығыс, күндіз солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы: температура күндіз 0…+5°С, солтүстікте -3°С. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ.

Түркістан облысы: температура күндіз +2…+7°С, солтүстікте және таулы аудандарда -3°С. Түнде жауын-шашын, тұман, жел екпіні 15-20 м/с, Шымкенттегі тау асуларында 23-28 м/с.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Абай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары: түнде тұман, кей жерлерде жауын-шашын, боран, көктайғақ. Желдің екпіні 15-28 м/с, көктайғақ салдарынан жолдарда сақ болу қажет.

Астанада көктайғақ байқалады, бұл жолдарда жүргізушілерге ерекше сақтық қажет екенін ескертеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары