Malim.kz
Қоғам

19 шілдеде Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық 48 градусқа дейін жетеді

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

19 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Ал оңтүстік өңірлерде аптап ыстық күшейеді. Түркістан облысында ауа температурасы +46…+48 градусқа дейін, Шымкентте +45…+47, Таразда +43…+45, Алматы, Қонаев, Қызылорда және Талдықорғанда +40…+43 градусқа дейін көтеріледі.

Елордада күндіз +34…+36 градус болып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Орал, Семей және Өскеменде де жаңбыр жауып, кей өңірлерде жел күшейеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары