Malim.kz
Қоғам

2 адам ажал құшқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі күдікті ретінде танылды

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы жол-көлік оқиғасы салдарынан қозғалған қылмыстық іс аясында күдікті ретінде танылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов ресми мәлімдеді. Оның айтуынша, Гулайым Рахмонова аталған іс бойынша күдікті мәртебесіне ие. Қазіргі таңда тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр.

Қайғылы жол апаты 2025 жылдың шілде айында Мойынқұм ауданы аумағында тіркелген. Алдын ала мәліметке сәйкес, Гулайым Рахмонова баласымен және құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға бет алған. Алматы – Екатеринбург автожолының 296-шақырымында Toyota Land Cruiser көлігі аударылып кеткен. Тергеу нұсқасына сәйкес, жүргізуші көлікті басқару кезінде рөлге ие бола алмаған.

Апат салдарынан 39 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапқан, ал 35 жастағы тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізу барысында көз жұмған. Гулайым Рахмонова мен оның баласы Шу қаласындағы медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары