Malim.kz
Қоғам

"2 баламен кетіп қалдым": Сейфуллин Жолбарыстың әйелі ел естімеген шындығын айтты (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Қазақстандық танымал әнші Сейфуллин Жолбарыстың жұбайы Екатерина Жолбарыс әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларымен жұртшылықтың назарын аударды. Ашық әрі әсерлі жазбаларында ол жеке өміріндегі күрделі кезеңді, отбасылық дағдарысты, ішкі күйзеліс пен өзін қайта тану жолындағы ізденісін бүкпесіз жеткізген, деп хабарлайды Malim.kz.

Екатеринаның айтуынша, ол нумерология мен өзін-өзі тану саласына кездейсоқ келмеген. Өмірінде барлық сенім мен түсінік күйреп, жауапсыз сұрақтар көбейген тұста бұл бағытқа бет бұруға мәжбүр болған. Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қарым-қатынаста өзара түсіністік жоғалып, әңгіме мен келісім нәтиже бермей қалғанын да жасырмайды. Он бес жыл бірге өмір сүрген адамның бір сәтте бөтенге айналуы – оның жан дүниесіне ауыр соққы болған.

"Әңгімелер көмектеспеді. Бір-бірімізді естімедік. Сезім болды, бірақ анықтық жоқ еді", – деп жазады ол.

Осы қиын кезеңде Екатерина екі баласымен бірге маңызды шешім қабылдап, жаңа өмірге қадам басқанын айтады. Сырт көзге бұл шешім ауыр әрі күрделі көрінгенімен, ол үшін бұл – өзін де, өмірін де сақтап қалудың жалғыз жолы болған.

Жазбаларында ол ішкі трансформация үдерісіне де кеңінен тоқталады. Өзін "тұйыққа тірелгендей" сезінген сәтте, өмірінде не себепті мұндай жағдайлар қайталанғанын, кім екенін және қандай құндылықтарға сүйенуі керектігін қайта саралаған. Осы ізденіс барысында өз әрекеттері мен таңдауларына сын көзбен қарап, жіберген қателіктерін мойындағанын айтады.

"Кармада қай жерде қателік жібергенімді түсіндім. Енді бәрін түзету үшін не істеу керегін білемін", – дейді ол.

Екатерина Жолбарыс бұл жолды рухани өсу мен жеке жауапкершілік кезеңі ретінде бағалайды. Оның сөзінше, дәл осы процесс өзін қайта табуға, ішкі тепе-теңдігін қалпына келтіруге мүмкіндік берген. Қазір ол басынан өткерген тәжірибесін өзгелерге демеу болып, қолдау көрсетуге бағыттауды көздейді.

"Мен – өзімнің ең басты тәжірибемін. Өмірімдегі ең үлкен жұмыс пен трансформацияның нәтижесімін. Енді жолынан адасқандарға қайтадан тірек табуға көмектескім келеді", – деп түйіндейді ол.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары