Malim.kz
Қоғам

2 маусымнан бастап Астана – Ұлан-Батыр рейсі іске қосылады

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

2 маусымнан бастап Қазақстан мен Моңғолия арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды Malim.kz.

2 маусымнан бастап Астана мен Ұлан-Батыр арасында тікелей әуе қатынасы ашылады. Бұл туралы Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Алмас Сейтакынов мәлімдеді.

Елшінің айтуынша, жаңа рейстің іске қосылуы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапары мен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің биыл Қазақстанға жасаған сапары қорытындысында қол жеткізілген келісімдердің маңызды нәтижесі.

Сондай-ақ ол тікелей әуе қатынасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік, гуманитарлық және өңіраралық байланысты дамытуға серпін беретінін атап өтті.

Бұдан бөлек, жаңа бағыт Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын нығайтуға ықпал етпек.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары