Malim.kz
Қоғам

2 млрд теңгенің несиелік алаяқтығы: 21 адамға түрме жазасы кесілді

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Ақмола облысында 2 млрд теңгеге заңсыз несие рәсімдеген қылмыстық топ сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақмола облысында азаматтардың жеке деректерін заңсыз пайдаланып, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан шамамен 2 млрд теңге көлемінде несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты.

Істі арнайы прокурорлар тергеген. Тергеу барысында күдіктілердің алаяқтық жолмен азаматтардың жеке мәліметтерін пайдаланып, ірі көлемде заңсыз несие рәсімдегені анықталған.

5 тамыз күні сот олардың барлығын кінәлі деп танып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған мүлік тәркіленді. Оның ішінде Алматы қаласындағы пәтерлер, Lexus LX 570, Toyota Land Cruiser 200, Toyota Camry автокөліктері және басқа да қымбат көліктер бар.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары