Malim.kz
Қоғам

2 наурызда ел аумағында ауа райы күрт өзгереді

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» 2026 жылғы 2 наурызға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ел аумағының басым бөлігінде қар, жаңбыр, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын және екпінді жел күтіледі.

Астанада қар мен жаяу бұрқасын болып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Алматыда тұман мен көктайғақ болжанады. Шымкентте түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында тұман, көктайғақ, қар аралас жауын-шашын және екпінді жел болжанып отыр.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында қар мен жаяу бұрқасын, кей жерлерде тұман күтіледі. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында тұман мен жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Кей өңірлерде желдің екпіні 15–23 м/с-қа дейін, Алакөл маңында 28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтау ескертіледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары