"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 2 желтоқсан, сейсенбіге арналған еліміздегі ауа райына қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде аздап жауын-шашын, сондай-ақ көктайғақ болады деп күтіледі.
"Маңғыстау облысында жауын-шашын болады (негізінен жаңбыр жауады), күндіз облыстың батысында нөсер жаңбыр жауады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.
Антициклон еліміздің қалған бөлігінде өз әсерін сақтап, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар, еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, оңтүстік-шығыс пен шығыста желдің күшеюі болжанады.