Malim.kz
Қоғам

"20 мың теңге": Алакөлге арзан әуе рейстері ашылады

Арман Қайыпхан

1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Алакөлге жақын орналасқан Үшарал қаласына субсидияланатын рейстерді орындай бастайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана мен Үшарал, сондай-ақ Алматы мен Үшарал арасында аптасына 7 рейс орындалады. Бір бағыттағы билет құны – 20 мың теңге.

Сонымен қатар  2025 жылдың 1 маусымынан бастап SCAT әуекомпаниясы Астана мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 7 рейс орындайды. Бұл әуе рейстері де субсидияланады, билеттер қолжетімді бағамен онлайн сатылымға шықты.

Фото: istockphoto

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары