«Жастар EQ 2.0.» әлеуметтік жобасы аясындағы 4 компонентті оқыту курсының алғашқы тренингі «Эмоционалдық интеллект» тақырыбында өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Семинар «Dostyk Hotel» қонақ үйінде 10.00 – 18.00 аралығында өтіп, мамандар кәсіби психолог, менеджмент, психология және өнімділік бойынша кеңесші, сарапшы Ерлан Мұстафиннен білім жетілдірді.
Тренинг эмоционалдық интеллект тақырыбы бойынша білімді жүйелеуге жəне қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын бекітуге бағытталды. Бұл əріптестермен жəне клиенттермен тиімді өзара əрекеттесу жүйесін дамытуға ықпал етеді.
Бұған қоса, 20 психолог маман республикалық деңгейдегі сарапшының қолдауымен тәжірибелік жұмыстар да жүргізді. Ертең мамандар осы тақырыптағы тренингтің екінші күніне қатысып, тәжірибе арттыратын болады.
Фото: Бейбарыс Сайлаубай