Қазақстанда 2025 жылғы 20 қараша, бейсенбіде жауын-шашын сипатында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұл болжаммен "Қазгидромет" РМК синоптиктері бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі.
"Жауын-шашын болады, негізінен жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Тек оңтүстікте, шығыста, оңтүстік-батыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", делінген хабарламада.
Сондай-ақ, республика бойынша ортақ табиғи құбылыс ретінде тұманның түсуі аталады, ал солтүстікте, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста жел екпін алады деп болжанады.