Malim.kz
Қоғам

20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға жеткізілді

Айбын Атабай
бейнежазбадан

Қазақстан азаматы адамдар тобымен жасалған қарақшылық шабуылға қатысы бар деген күдікпен Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Фото: Видеодан алынған скрин

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, күдікті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін елге жеткізілген.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2006 жылы Павлодар қаласында бір топ адаммен бірге қару ретінде пайдаланылған заттарды қолданып, қарақшылық шабуыл жасаған.

– Күдікті мен оның сыбайластары жәбірленушінің мүлкін ашық түрде иемденген, – делінген хабарламада.

Қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Ал күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынғандықтан халықаралық іздеуге жарияланған.

– Ол 2025 жылғы қыркүйекте Ресейдің Новосібір облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша экстрадицияланды, – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары