Malim.kz
Әлем

2000 шенеунік жұмыстан босатылады: Президент маңызды құжатқа қол қойды

Қайсар Қанат
pexels.com

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құжатқа сәйкес, бірқатар басқарушы лауазымдар жасанды интеллект жүйесімен алмастырылмақ. Нәтижесінде шамамен 2000 мемлекеттік қызметкердің қызметі қысқарады.

Қысқарту тізіміне Салық комитеті, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Әділет министрлігі және Экология министрлігі секілді негізгі мемлекеттік органдар енген. Сонымен қатар түрлі агенттіктер мен инспекцияларда 16 басшы орынбасарының лауазымы жойылады.

Билік өкілдері мұндай шешім реформаларды жеделдету және мемлекеттік басқаруға заманауи технологияларды енгізу қажеттілігімен байланысты екенін мәлімдеді.

Ал жұмыстан босатылатын қызметкерлерге Еңбек министрлігі жаңа жұмыс табуға және қайта оқыту бағдарламаларына қатысуға көмектесетінін айтты.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары