2027 жылдан бастап Қазақстанның зейнетақы жүйесінде бірқатар өзгеріс күшіне енеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жаңа жылдан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен салымшыларға инфляция деңгейіндегі айырманы өтеуге арналған бюджеттік кіші бағдарлама оңтайландырылады.
Сонымен қатар, биылғы қыркүйек айынан бастап салымшылар зейнетақы жинақтарының тек 50 пайызын ғана емес, 100 пайызға дейінгі бөлігін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына бере алады.
Министрліктің айтуынша, бұл жаңашылдық азаматтарға өз қаражатын икемдірек басқаруға және инвестициялық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жол ашады.