Malim.kz
Экология

21 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Арман Қайыпхан

"Қазгидромет" РМК-ның мамандары алдағы сейсенбі, 2025 жылдың 21 қазанында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Болжамға сәйкес, түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі:

Жетісу облысының орталығында, шығысында,

Алматы облысының солтүстігінде.

"Республикамыздың батысында солтүстік-батыс циклон әсерінен жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында солтүстік антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел екпін алады деп күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Фото: unslpash

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары