Malim.kz
Қоғам

22 ақпанда Қазақстанда боран мен көктайғақ күтіледі

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 22 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Ел аумағына солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттар әсерін сақтайды.
Соның салдарынан жауын-шашын (жаңбыр мен қар), боран және көктайғақ болжанады. Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде қалың қар жаууы мүмкін. Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары