Наурыз – жыл басы, ежелден тойланатын көктем мерекесі, деп хабарлайды Malim.kz.
Наурыз мейрамы – терең рухани-мәдени мәнге толы, жаңару мен жасампаздықтың бастауына айналған, қоғамның бірлігі мен ұлт ынтымағын нығайтатын ұлттық мереке.
Әр қазақстандық үшін көктемгі жаңару, махаббат пен достық, бірлік пен үйлесімділік салтанат құратын мейрам.
Қыстың ызғары қайтатын, көктем шуағын төгетін мейрамды көпшілік асыға күтеді.
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!