Астанада және Қазақстанның 14 облысында 22 қарашада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Түнде және таңертең Атырау облысыныңбатысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысыныңсолтүстігінде, шығысында, орталығында да тұман болады деп болжанады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында да тұман түседі деп күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде көктайғақ, облыстың батысында тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 22 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Жезқазғанда 22 қарашада түнде көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман болады деп күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысындажауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауады деп күтіледі. Түнде жаяу бұрқасын жүріп, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде 22 қарашада түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Абай облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар, көктайғақ, болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Семейде 22 қарашада түнде көктайғақ болады деп күтіледі.
22-23 қарашада Жамбыл облысыныңоңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болып, солтүстік-шығыстан жел соғады, 22 қарашада күндіз, 23 қарашада түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Таразда 22-23 қарашада кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.
Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.Қостанайда 22 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертен Жетісу облысыныңтаулы аудандарында тұман болады, облыстың шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Павлодарда22 қарашада тұман түседі деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ болып, солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.Көкшетауда 22 қарашада түнде көктайғақ болады деп күтіледі.
Астанада 22 қарашада көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.