Malim.kz
Әлем

22 жастағы қыз 3 күн бойы ағашты құшақтап тұрып, әлемдік рекордты бұзды

Қайсар Қанат
Х / StarTimes Kenya

Кениялық экоактивист Труфена Мутони экология тақырыбындағы ерекше акциясымен тек табиғат қорғаушылардың ғана емес, әлемдік БАҚ-тың да назарын аударды. Ол үш тәулік бойы бір ағашты құшақтап, ұлттық рекорд орнатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Газета.ru басылымының жазуынша, 22 жастағы экоактивистің бұл әрекеті Ньери қаласындағы үкіметтік кешен аумағында өтті. Мутони экологиялық бастаманы әлеуметтік мәселе көтерумен ұштастыруды көздеген. Сол себепті ол уақыттың бір бөлігінде көзін байлап тұрған, бұл – климаттың өзгеруінен ең көп зардап шегетін мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесіне қоғам назарын аударту үшін жасалған қадам.

Активистің айтуынша, акция барысында бірнеше рет ұйықтап кетуге шақ қалған. Алайда рекордты Гиннестің рекордтар кітабына енгізу үшін жарна төлеген ұйымдастырушылар мен демеушілер оны дер кезінде оятып отырған.

Труфена Мутони бұл әрекетін бейбіт наразылықтың бір түрі деп атап, оның адамдар арасындағы әлеуметтік және мәдени айырмашылықтарды еңсеруге бағытталғанын айтты.

"Бұл бейбіт протест маңызды, өйткені ол адамдар арасындағы барлық айырмашылықтарды жояды", – деді ол.

Акция барысында Мутони киген киімнің әр түсі белгілі бір мағынаны білдірген:

Осылайша, киім тек практикалық мақсатта емес, көрермендер мен БАҚ-қа арналған визуалды үндеу ретінде де қолданылған.

Бұл – Мутонидің алғашқы рекорды емес. Бұған дейін ол дәл осындай акция барысында 48 сағат бойы ағашты құшақтап тұрған. Ал бұл жолғы үш тәулікке созылған нәтижесі оның табандылығы мен экологиялық әрі әлеуметтік бастамаларға адалдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары