Malim.kz
Қоғам

23 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік күтіледі

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

23 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт құбылып, жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Кей аймақтарда тіпті қар аралас жауын болуы мүмкін.

Елдің батысы мен оңтүстігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Сондай-ақ жекелеген өңірлерде ауа температурасы −1…−4°C дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшейеді.

Астанада түнде ауа температурасы 1°C-қа дейін төмендеп, үсік күтіледі.

Алматыда түнгі уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі.

Шымкентте жаңбыр, найзағай және дауыл болжанып отыр. Жел екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары