Malim.kz
Қоғам

23 мамырға арналған күн райы

Malim Админ

Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл болады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Түнгі сағаттарда Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Фото: admnvrsk.ru 
 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары