Malim.kz
Қоғам

23 қаңтарда Астананың бастауыш сыныптары қашықтан оқиды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Астанада қолайсыз ауа райына байланысты 23 қаңтар күні бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан білім алады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы елорда білім басқармасы хабарлады.

«Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты 2026 жылғы 23 қаңтарда бірінші ауысымда оқитын 0-4-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», – делінген хабарламада.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары