Malim.kz
Қоғам

24 мамырда Қазақстанда жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Синоптиктер 24 мамырда Астана қаласы мен еліміздің барлық 17 облысында ауа райының қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

Шымкентте күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде тұман түседі. Өңірдің солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында, соның ішінде Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында да тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде тұман түседі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Қарағанды облысында да жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Кей аумақтарда желдің екпіні 15-18 м/с дейін күшейеді. Өңірдің бірқатар бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың бірқатар аумағында жоғары және төтенше өрт қаупі жарияланған.

Жетісу облысының Алакөл маңында жел күшейеді. Таулы аймақтарда түнде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай және тұман болжанды. Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жауын-шашын, кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын күтіледі. Күндіз қатты жаңбыр мен найзағай болады. Түнде шығыста 1 градус үсік жүруі мүмкін.

Абай облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Өңірдің шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында да жаңбыр, найзағай, тұман және екпінді жел күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында түнде тұман түседі. Өңірдің бірқатар бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары