Malim.kz
Білім-ғылым

25 тамызға дейін: Ғылым министрлігі грант иегерлеріне қатысты шұғыл хабарлама жасады

Мадияр Қапанбек
Талапкер. Көрнекі фото: Johannes Simon/Getty Images

Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім грантын иеленген талапкерлерге маңызды ақпарат жариялады. Грант иегерлері жоғары оқу орнына қабылдану үшін құжаттарын 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрліктің мәліметінше, талапкерлер алдымен grant.testcenter.kz сайты арқылы білім грантын иеленгені туралы электронды куәлігін алуы қажет.

Одан кейін грант немесе ақылы негізде оқуға қабылдану үшін таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына 25 тамызды қоса алғанда құжат тапсыру керек.

Қабылдау комиссиясына мына құжаттар ұсынылады:

Осылайша, биыл мемлекеттік грант иеленген талапкерлер жоғары оқу орнына қабылдану рәсімін аяқтау үшін қажетті құжаттарды белгіленген мерзімнен кешіктірмей өткізуі керек.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2026 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланған болатын.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары