freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Грант иегерлерінің тізімі шықты

Білім-ғылым
Грант иегерлерінің тізімі шықты
Depozitphotos

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желілерінде 2026-2027 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Биыл 75 мыңнан астам талапкер жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы еңбек нарығының сұранысына сай қалыптастырылды. Гранттардың 60%-ы инженерлік және техникалық мамандықтарға бөлінді. Сондай-ақ «Серпін» жобасы аясында 2 мыңнан астам грант иегері Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алады.

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылы грант конкурсына шамамен 127 мың өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп.

Гранттарды бөлу кезінде әлеуметтік осал топтарға арналған квоталар, халықаралық олимпиада жеңімпаздарына берілетін гранттар және мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған 1816 грант сақталды.

Грант тізімін мына сілтемеден жүктеп алуға болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу