Malim.kz
Қоғам

25 тамызға Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

• Арман Қайыпхан

«Қазгидромет» 25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Екі мегаполисте және 16 облыста найзағай, кей жерлерде бұршақ, шквал және екпінді жел 25–30 м/с дейін күтіледі. Әсіресе Жетісу мен Абай облыстарында, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қолайсыз жағдай болжануда. Онда қатты жауын-шашын мен қатты жел болуы мүмкін.

Еліміздің басым бөлігінде жоғары және өте жоғары өрт қаупі сақталады

Фото: freepik.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары