Malim.kz
Қоғам

26 тамызға арналған ауа райы болжамы

Malim Админ

“Қазгидромет” 26 тамыз, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Күн күркіреп, жаңбыр жауады. 

Тек республиканың батысында, оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды, күн ашық.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында кей уақытта тұман болады.

Елдің барлық дерлік өңіріне төтенше өрт қаупі бар.

Фото: Ашық дереккөзден    

Malim Админ
Автордың басқа материалдары