Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1–2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – делінген хабарламада.
Осыған байланысты білім беру ұйымдары сабақтарды онлайн форматта өткізеді. Ата-аналар мен студенттерге сабақ кестесі мен тапсырмалар бойынша ақпаратты білім беру платформалары арқылы қадағалау ұсынылды.