Malim.kz
Экология

27 мамырда Қазақстанға қар мен нөсер жаңбыр қайта оралады

• Арман Қайыпхан

Бұл туралы алдағы сейсенбі, 2025 жылғы 27 мамырға арналған ауа райы болжамында айтылады, деп хабарлайды Malim.kz "Қазгидромет" қызметіне сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде ғана күтіледі.

"Республикамыздың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады... Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады".

Сондай-ақ, күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп күтіледі.

"Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола, Қостанай облыстарының шығысында топырақ беті қатып, 1-2°С суық болады, үсік жүреді деп күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет".

Фото: unsplash

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары